Date of publication: 27.09.2017 16:24
Date of changing: 27.09.2017 16:26
"Дөңгелек үстелдегі" кездесу
 
     Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілігімен 2017 жылдың 27 қыркүйегінде СЭҚ қатысушыларының, УСҚ өкілдерінің, ХЖТ кітапшаларын ұстаушыларының, кеден өкілдерінің және Жамбыл облысының «Атамекен» ҰКП  өкілдерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, өткізілді.
     «Дөңгелек үстел» келесі тақыпытарда Ел басымен қойылған «100 нақты қадам - Ұлт жоспарындағы 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру» бойынша, сонымен қатар «ҚР кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің жобасында көзделген Уәкілетті экономикалық операторлар институтының дамуы бойынша жаңалықтарға байланысты және де «Знай клиента в лицо» Акциясы бойынша, мемлекеттік кірістер органдарында жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қатысты өткізілді.
      Келесі қадам- мемлекет басшысының ұлт жоспары бойынша 100 нақты қадам ішіндегі 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру  тұрғысынан, бес реформалардың бірін дәйекті жүзеге асыру және нақты әрекеттерге қол жеткізу болып табылады.
      100 қадам ішінде, 38-ші қадам- бұл жаңа экономикалық өсуді ынталандыратын айқын және нақты шешімдер, атап айтқанда, экспорттаушылар мен импорттаушылар кедендік рәсімдерді қабылдау кезінде «бір терезе» принципін енгізу. Электрондық декларациялау жүйесін дамыту. Құжаттарды өңдеу уақытын қысқарту.
      Департамент қызметкерлері жұмыс нәтижелерін, сондай- ақ келешекке арналған жоспарларды, атап айтқанда, «АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін ASYCUDA Word платформасына енгізу кезінде «экспорттық- импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету туралы бөлісті.
     «Знай клиента в лицо» акциясын өткізу кезеңінде "Казфосфат" ЖШС,    "АК Алтыналмас" АҚ, " Әулие-Ата Халықаралық әуежай" АҚ, "ЦАСК" ЖШС, "Казатомпром" АҚ, "Запчасть" АҚ, "Казагрофинанс" АҚ сияқты ірі компаниялардың өкілдерінің қатысуымен 20 кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізілді. 
    Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмауға бағытталған Департамент жұмысымен танысты.
      Комитеттің ішкі қауіпсіздік басқармасымен аумақтық құрылымдық бөлімшелер алдында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ІҚБ-ның басым міндеттеріне келесілер жатады:
- Профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау;
- ЭТҚ қызметкерлерінің қорғауындағы қолма- қол ақшаны қылмыстық инкассациялауға байланысты жүйелік схемаларды анықтау;
- Заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне қорғаныс беретін, бюджеттен ҚҚС қайтару үшін алаяқтық схемалармен байланысты алкоголь өнімдерін заңсыз айналымға жол беретін ЭТҚ қызметкерлерінің қылмыстық белсенділігін анықтау;
- Кедендік блогының лауазымды тұлғаларының экономикалық контрабанда субъектілерге көмек көрсету және түрлі схемалар арқылы КТ мен С төлеуден жалтару қылмыстық әрекеттерін анықтау.
      Бүгінгі өткізілген «Дөңгелек үстел» кездесуі кеден қызметінің ашықтығы мен айқындылығының, сондай-ақ, бизнес өкілдерімен тығыз қатынаста жұмысты жалғастыруға құштарлығының куәсі болып табылады. 
     Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы, Ел басы қойған тапсырмаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы отыз дамыған елдің қатарына қосылуына бағытталған. Мемлекеттік кірістер органы әкімшілік кедергілерді азайтуда, еліміздің транзит потенциалын арттыруда, кедендік рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуде және тауарлар контрабандасының жолын кесу бойынша белсенді жұмыстар атқарып, өз кезегінде алдына қойылған тапсырмаларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.