Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 124 және 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрықтары бойынша енгізілген ереже «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы» және «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері туралы»
Осы Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды.
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3 тармағына сәйкес айқындаған аумақтық мемлекеттік кірістер органдары өткізетін біліктілік емтиханын тапсыру қажет.
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты немесе бейдждері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жөніндегі аттестатты берген аумақтық мемлекеттік кірістер органына еркін нысандағы өтінішті:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі суретті қоса бере отырып ұсыну қажет.
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32 бабының 4 тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш береді. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.
Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.
Біліктілік аттестатын жою туралы шешім аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілк аттестатын беру туралы қайталама өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органы жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
Үміткер, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына емтиханды өткізгенге дейін 3 жұмыс күні бұрын еркін нысан бойынша өтініш ұсынады.
Өтінішке:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- кәсіби, техникалық немесе жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесін;
- көлемі 3,5х 4,5 сантиметр екі түрлі-түсті суретін қоса береді.
Емтихан тапсыруға келген кезде үміткер өзімен бірге бейнежазба құрылғысына табыс етілетін жеке басын куәландыратын құжатты (паспорт не жеке куәлік) әкелуі қажет.
Емтихандарды өткізу орны мен уақыты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының интернет ресурстарында айына бір реттен сирек емес жарияланады.
Бағдарламалық қаматамасыз етудің техникалық талаптарына емтихандарды өткізудің мынадай кезеңдері қамтылады:
- үміткер біліктілігін және білімінің деңгейін анықтау мақсатында сұрақтарды іріктеу бойынша тестілеуден өтеді;
- тестілеуді өткізудің уақыты 45 минутты құрайды;
- тест кездейсоқ іріктеу әдісімен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы таңдалатын 60 сұрақтан тұрады.
- Сұрақ бір ғана дұрыс жауабы бар үш нұсқадан тұрады;
- Әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі;
- Тестілеудің нәтижесін есептеу (дұрыс жауаптардың саны) бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
Егер бағарламалық қамсыздандырумен есептелген дұрыс жауаптардың саны 60 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өткен болып саналады.
Тестілеудің нәтижелері принтерде екі данада шығарылады және қол қою жолымен үміткерге таныстыру үшін ұсынылады.
Тестілеудің нәтижесі бар парақтың бір данасы үміткерге беріледі, екінші данасы емтихан өткізген аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында қалады.
Тестілеуден өтпеген тұлға алғашқы тестілеу өту сәтінен бастап бір айдан ерте емес емтиханға жіберу туралы өтінішпен қайта жүгінеді.
Тестілеу өту кезінде үміткерге анықтамалық құралдарды, арнайы және өзге әдебиеттерді, сондай-ақ қандай да бір жазбалар немесе техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.
Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, ол тестілеуден шеттеледі.
Тестілеуден шеттетілген тұлға алғашқы тестілеу өту сәтінен бастап бір айдан ерте емес емтиханға жіберу туралы өтінішпен қайта жүгінеді.