Date of publication: 22.08.2017 15:37
Date of changing: 22.08.2017 15:38
«Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясы бойынша
 
         2017 жылғы 1 мамырдан 30 қарашаға дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитеті «Чек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясын өткізуде.
        Акцияға қатысушылар - акцияны өткізу кезінде Wipon мобильді қосымша арқылы чектің суреттерін Акцияны ұйымдастырушыларға ұсыну жолымен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алғанын растаған, Қазақстан Республикасының азаматтары саналады.
       Чектерді 2017 жылғы 1 мамырдан 30 қарашаға дейін қабылдайды.
  • Акцияны өткізу кезінде қатысушыларға, келесі функционалмен жарақтандырылған, Apple App Store и Google Play Market-тен жүктеу үшін қолайлы Wipon тегін мобильді қосымшасы ұсынылады:
  • чектің суреттерін жөнелту;
  • чекті бермеу фактілері туралы жүгінулерді жөнелту;
  • қатысушының чегін қабылдау немесе бас тарту, ұтыстың мәртебесі туралы хабарлау жүйесі;
  • жіберілген чектердің тарихын қарау мүмкіндігі;
 Акцияға қатысу үшін:
  • чектің суретін жолдау қажет, бір сурет бір чекті ғана көрсетуі керек;
  • чектің суретінде міндетті түрде анық көрінуі тиіс: ЖСН/БСН, күні, уақыты, жиынтық сомасы;
  • чекте фискалды белгілері болуы тиіс: чекте ФП, Ф, F, фискалды, фискалды чек жазбалары жазылған болуы тиіс;
  • чектің түпнұсқасын сақтау міндетті емес;
  • чектегі сома 0 теңгеден жоғары болуы тиіс;
  • Wipon қосымшасын өшіру барлық өткен чектердің жойылуына әкеп соғады;
  • чекте көрсетілген тауарды, жұмыстар немесе қызметтерді алу күні мен уақыты 2017 жылғы 1 мамырдан ерте болмауы тиіс.
 Акция екі деңгейде өтеді:
 Бірінші- Мемлекеттік кірістер департаменті жанында облыс деңгейінде және Астана мен Аламаты қалаларында;
               Екінші- Комитет жанында республикалық деңгейде.
         Акцияның жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау жолымен анықталады.
         Бірінші деңгейде сыйлықтарды ойнату және жеңімпаздарды анықтау мамырдан бастап қарашаға дейін ай сайын өтеді.
        Ойынның жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Сондықтан, чек қаншалықты көп жолданса, соншалықты қатысушыларда сыйлық ұтып алу мүмкіндігі болады.
        Гранд мәресі Мемлекеттік кірістер комитетінде ағымдағы жылдың аяғында өтеді, онда құнды сыйлықтар және басты жүлде-автомобиль ойнатылады.
       Чек талап етіп, Акцияға қатысыңыздар және сыйлықтар ұтып алыңыз!