Көлік құралдарына салынатын салық бойынша
қарызды қалай тексеруге болады?
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады. Оған орай салық төлеуші салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді.
Бүгінгі күнде Жамбыл облысы бойынша 33 000 аса көлік иелері көлік салығынан жалпы 700,0 млн теңгеден аса берешек сомаларына төлем жасамай отыр.
Берешек сомаларды өндіру мақсатында облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен сотқа 10,0 мыңнан аса тарап арыздар жолданды, сот орындаушыларына 9,4 мыңнан аса атқару құжаттары жолданды.
Сот орындаушыларымен 364 борышкерлердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды, 3 143 жеке тұлғалардың айлық-жалақылары мен басқа да кірістерінен өндіру жүргізілді, 89 жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салынды.
Ары қарай барлық борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салынды, жүргізуші куәліктері уақытша тоқтату жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салуға және басқа да келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек сомаларын тексеріп отыруды және төлеуді шақырады.
Берешек соманың бар/жоқтығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында «Электрондық сервистер/Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» тарауында тексеруге болады.
Сонымен қатар, www.egov.kz «электронды Үкімет» порталының «Салықтар және қаржылар» тарауында «Салық берешегін қарау және төлеу» сервисінде қарауға болады.