Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік уәкілетті органдардың Жамбыл облысы Әділет департаментінің, Жамбыл облысы ІІД-ң ӘПБ-ң, Жеке сот орындаушыларының аймақтақтық палатасының өкілдері және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының қатысуымен жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты әкімшілендіру және де туындайтын келелі мәселелер бойынша жиналыс өтті.
Жиналыста 30.06.2017 ж жағдайда облыс бойынша шамамен 450.0 млн теңге жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың берешек сомасын өндіру барысында туындап отырған келелі мәселелер мен оларды мемлекеттік уәкілетті органдармен шешу жолдары талқыланды.