Date of publication: 22.05.2015 17:54
Date of changing: 22.05.2015 17:55

        Кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарлату, кедендік операцияларды жүзеге асыруды үдету және оңтайландыру мақсатында, «Автокөлік құралымен Кеден Одағының кедендік шекарасына әкелінген тауарлар туралы міндетті түрде алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы» №899 Кеден одағы комиссиясының шешімімен әзірленіп бекітілген. 2012 жылдың 17 маусымында қолданысқа енгізіліп, «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жарияланған.

Алдын-ала ақпараттандыруды колдану, жүк автокөлігінің шекарадан өту уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Алдын-ала ақпарттандырудың енгізілуіне дейін, тасымалдаушыға кедендік шекарадан өту кезіндегі кедендік транзит рәсімін ресімдеу үшін кеден өкілі (брокер) арқылы транзиттік декларацияның (ары қарай ТД) электрондық көшірмесін қалыптастыру қажет болатын.

Алдын ала ақпараттандыруды қолданудың ерекшеліктері:

-                     Алдын ала ақпараттандыруды транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде қолдану;

-                     Өткізу пунктінде кеден өкіліне үндеуінің қажеттілігі жоқтығына байланысты, өткізу пунктінде өту уақытын қысқарту;

-                     (24 сағаттан  2 сағатқа дейін) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес, тауарлардың шығарылуына кеден органның шешім қабылдау уақытысын қысқарту;

Сонымен қатар, «Теміржол құралымен Кеден Одағы кеден шекарасына әкелінген тауарлар туралы міндетті түрде алдын-ала ақпараттандыруды енгізу туралы» 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №196 Евразиалық экономикалық комиссия Алқасының Шешімі 2014 жылдың 01 қарашада қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз.

Транзиттік декларацияны тіркеу, шығару, жеткізу орнына көлік құралының келуі, Web порталы арқылы ҚР кеден органдары туралы ақпараты http://urist/ электрондық адрестен алуға болады.

 

Жамбыл облысы бойынша МКД КББ ТЖББ бас маманы А.Жанабай