
Кедендік әкімшілендіру бойынша
Бүгін, 2017 жылдың 4 шілдесінде Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Кедендік бақылаудан шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстыру акценті. Уақытша сақтау орындарын ұйымдастыру мен
ондай орындарға қойылатын талаптар» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке Кедендік бақылау басқармасының және Тарифтік реттеу және посткедендік бақылау басқармаларының басшылары А. Ізбасаров және А. Ниязалиев қатысты.
Брифинг соңында Департамент қызметкерлері қатысып отырған БАҚ өкілдерінің кедендік әкімшілендіру міндеттерін орындау бойынша сұрақтарына жауап берді.