Date of publication: 05.06.2017 16:37
Date of changing: 05.06.2017 16:38
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні.
 
         2017 жылдың 4 маусымында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті.
         1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған Күні болып мәңгі қалады.
Салтанатты жиналысты Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдаумен бастады.
         Түсіндіру жұмыс басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Өмірзақ Сайлауұлы Қоспанов Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - туы, елтаңбасы және әнұранының Қазақстан Республикасының азаматтарында тәрбие мен патриоттық сезімдерін нығайту мәнін түсіндірді.  
         Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.