Халықаралық тәжірибеде қаржылық пирамидасын «бақыланбайтын инвестициялық схемалар» деп атайды. Пирамида көп деңгейлі маркетинг принципіне негізделген, әр қатысушы өз схемасына жаңа қатысушыны тарту қажет, осыдан түскен жарналар негізін қалаушылар мен алғашқы қатысушылардың қалтасына түседі. пирамиданың күйреуі аудиторияда рұқат қатысушылардың табиғи шектеулерімен байланысты.
Әрбір қаржы аферада заңды өмір цикл бар. Әдетте қаржылық пирамидаға жоғары кірістілігі уәделенеді, ал міндеттемелерді өтеу пирамида қатысушыларының алдында орындалмайды. Осы жағдайлар пирамиданың куйреуіне әкеп соғады.
Қаржылық пирамиданың нақты бизнес жобадан принципті айырмашылығы кіріс төлем көзі болып табылады. Егер табыстың тұрақты төлем сомасы өндіруші құны мөлшерінен асатын болса, оны қамтамасыз ететін бұл бизнес пирамида болып табылады.
қаржы пирамидасына тән белгілері болып:
- Банкке қарағанда үлкен пайыздар халықтың ақша қаражатын тарту жарнаманың болуы,
- жоғары кірістілік кезінде тәуекелдің болмау уәдесі,
- ақша қаражатын тарту мен кооперативке жаңа мушелер тартудан басқа, нақты қызметтің болмауы,
- қор басшыларының мұқият назары тек қана пиар, презентациялар, сайттар, жарнама тарату, кооперативке кірген мына кісілердің жолы болдысияқты бояу ақпарат беру, қаражат табу мүмкіншілігі, тұрмыстық жағдайларын жақсарту, балаларының оқуын төлеу, лайықты өмір қамтамасыз ету, көлік немесе саяжай алу сияқты әл-ауқатын жақсарту. Бұл жағдайда тексеруге мүмкін болатын нақты ақпарат берілмейді,
- бірінші салымшыларға бастапқы пайыздарын төлеу, бұл ретте сенімділіктің және пайдалылықтың көрінісі құрылады.Осы салымшылар өздерінің туыстарымен достарына осы ақпаратты таратады, осылайша кооперативке жаңа мүше мен жаңа қаржы салушылар ұсынылады,
- түсінікті емес терминология пайдаланылады,
- жасырын ұйымдастырушылар және үйлестірушілер,
- бастапқы қатысу үшін шағын төлем адамдардың кең массасын қамтуға мүмкіндік береді,
- фирма клиентке пирамидаға әкелген әр салымшы үшін сыйақы төлейді,
- компанияның қаржылық жағдайы туралы шынайы ақпаратты жасыру, есептермен танысу үшін, азаматтарға нақты сандар көрсетпей, сенімділік туралы жалпы ақпарат жеткізілген,
- атауда , жарнамада, хабарландыруда, фирмалық символикада белгілі компанияларды пайдалану. Қаржы пирамидасының өкілдері белгілі фирманың атауларын, дамыған брендті, мысалы бір әріпті немесе сөзді қосып басқа құқықтық нысанын пайдаланады,
- ақша қаражатын енгізгенге дейін және кооперативке кіргенге дейін, азаматтқа келісім шарт ұсынылмайды,
- қаржы пирамидасында жұмыс жасайтын аамдар жақсы психолог болып саналады. Сіз мұнда жай келген жоқсыз деп, сіздің жолыңыз болды деп сізді сендіреді. Жиналыстарда семинарларда мереке атмосферасын құрады, әдемі өмірдің барлық ықтимал элементтерімен алдау нығайтылады, қымбат көліктер, беделді ауданда жаңа тұрғын үй салынып жатқан үйлерде н пәтер, әлемнің керемет курорттарында демалуға мүмкіншілік және т.б,
- азаматтардың ақшалай қаражатын қабылдау аздаған құжаттармен рәсімделеді.
Негізінде Қаржылық пирамидасынан жапа шегетін мегаполиспен тұрғындары мен ірі қала тұрғындары. Үлкен елді мекендердің жоғары экономикалық белсенділігі, халықтың алдау процесіне ықпал етеді және одан әрі қаржылық пирамида болып табылатын ұйымның қылмыстық сипатқа иелігін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімде және қомақты сомада пайда табу әр бір адамның арманы, бірақ сенімсіз компанияға меншікті ақша қаражатының салымдар салдары туралы есте сақтау қажет. Әдеттегідей мұндай салым салдары болып ұзақ уақыт жинаған ақша жоғалту есептеледі.
Акшалай қаражатты және мүліктік пайданы жоғалтуды болдырмау мақсатында , пайдалы жобаны қаржылау немесе жобаға кіру туралы ұсыныс түскенде ,келесі іс-әрекет алгоритмі ұсынылады:
- біліңіз, уәде етілген сыйақы қандай қаражат есебінен төленеді,
- біліңіз,фирманың өзінің негізгі құралдар неме қымбат активтері барма,
- компанияның офисі бар ма, қай жерде орналасқан, түрі қандай,
- басшыларының аты жөні, хабарласу телефондары,
- ақша қаражатын салмай тұрып, келісім шартты талап етіңіз, заңгермен ақылдасыңыз және ұсынылған шарттарды ойланыңыз,
- Сізден қабылдаған ақшалай қаражаттың рәсімдеу сауаттылығына және ақшаны беру негізіне назар аударыңыз. Болашақта осы құжаттармен салымға салынған қаражатты қайтару мүмкін бе?
- Компанияның құжаттарын тексеріңіз (жарғы , құрылтай келісім шарты),
- Анықтаңыз, сіздің салынған ақшаңыз кайда болады, қай жерден білуге болады,
- Ештеңені анықтамай ештеңеге қол коймаңыз, содан кейін мүмкін сіздің салымдар қайырымдылық жарнасы немесе кооперативтегі мүшелікке қайтарымсыз төлем болып шығады.
Әрине, барлық жоғарыда көрсетілген белгілері бір мәнді көрсетеді сіздің алдыңызда-қаржылық пирамида. Дегенменде мұқият болыңыздар. Алынған ақпаратты пайдаланыңыз, келешекте қаражат жоғалтудан сақтаныңыз.Көптеген салымшылар пирамиданы сезінеді,бірақ жақсы табыс табамыз , күйрегенге дейін қаражатымызды шығарып аламыз деп үміттенеді.
Жылдар бойы тапқан, жинаған табысыңызды берерден алдын, ойланыңыз, кімге беріп жатырсыз, есте сақтаңыз, аз мерзімде қомақты ақша қайтпайды. Егер мәміле сізге күмәнді болып көрінсе, өз денсаулығыңыз бен қаражатыңызды сақтап,одан бас тартыңыз.
Егер сіз бір ұйымға, кооперативке, қорға кірсеңіз , осыны дәлелдейтін құжаттарыңызды қарыз шарты, мүлікті алып өткізу актісі, касса чектері және т.б қаражатыңызды толық қайтарғанша сақтаңыз.
Техникалық прогресстің қарқынды дамуын ескере отырып, алаяқтар ақшалай қаражаттың және сенгіш азаматтардың мүліктерінің ұрлануы бойынша алаяқтықтың жаңа схемаларын ойлап табатынын есте сақтау қажет. Алаяқтардың қылмыстық қол сұғушылығынан қорғанудың ең тиімді тәсілі болып күмәнді қаржылық құрылымдардан бас тарту саналады.