Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті«Қазақстан Республикасындағы кедендік іс туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы№ 26-VI ҚРЗ«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
Атап айтқанда,Кодекстің 175 бабының 1 тармағына сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым кеден ісі саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Сонымен қатар, Кодекстің 179 бабына сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияны құрады.
Жоғарыда аталған өзгерістер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Осыған орай, сыртқыэкономикалық қызметке қатысушыларға тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жүзеге асырылатынынназарға алу қажет. Аталған өзгерістер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап берілген шағымдарға қатысты қолданылады.