Date of publication: 10.05.2017 17:59
Date of changing: 10.05.2017 18:01
2016 жылғы және 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша жүргізілген кедендік тексерулердің нәтижелері.
 
        Посткедендік бақылау бөлімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік кіріс органдарының алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бақылаудың  кедендік тазарту кезеңінен тауарлардың шығару кезеңіне өтуін іске асыру үшін қайта құрылып, штат саны ұлғайтылды.
        Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 24 тарауына сәйкес Бөлім камералдық және көшпелі кедендік тексерулерді жүргізеді.
        Кедендiк тексеру тексерiлетiн тұлға табыс еткен кедендiк декларациялардағы, коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, бақылаушы мемлекеттiк органдардың мәлiметтерiн, сондай-ақ аталған тұлғалардың қызметi туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәлiметтердi зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
        Бөлімнің негізігі міндеті – кедендік заңдылықтың бұзылуын анықтау, кедендік баждар мен салықтарды есептеу.
Бөлімнің негізгі міндеті:
  • Кедендік тексерулер кезінде кедендік әкімшілік жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Кедендік тексеру мәселелері бойынша кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, анықтау,кедендік бұзушылықтарды ескерту және жолын кесу, оның ішінде ақпараттық жүйені пайдалану арқылы;
  • Қазақстан Республикасы және Евразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамаларына сәйкес тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асыру;
         2016 жылы 5 жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер және 13 камералдық кедендік тексерулер жүргізілді. Жүргізілген тексерулер  бойынша  бюджетке  258,6 млн. тенге өндірілді.           
         2017 жылдың өткен кезеңінде 3 камералдцқ кедендік тексеру жүргізілді. Тексерулердің қортындысы бойынша қосымша 25,4 млн. теңге көлемінде  кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, бұрынғы тексерулерді есепке алғанда республикалық бюджетке нақты 128,8 млн. теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді.