
Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен!
Бүгін, 2017 жылдың 5 мамырында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орай салтанатты жиналыс өткізілді.
Құттықтау сөзімен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А. Тынысбеков сөйледі, ол ҚР Қарулы күштерінің мемлекет қауіпсіздігін нығайту ісінде маңызды үлесі атап өтті. Және де, жиналысқа қатысушыларды Жеңіс күнімен құттықтады.
Салтанатты жиналыста ЭТҚ қыметкерлері, салық және кеден әкімшілігінің қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының атынан құрмет грамотасымен марапатталды.