Date of publication: 27.04.2017 11:45
Date of changing: 27.04.2017 11:46
                  Бес институционалдық реформаны орындау
               бойынша 100 қадам:35-қадам.
 
        Ел басы ұсынған «Бес институционалдық реформаны орындау бойынша 100 қадам» -Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарындағы 35-қадамында  ауыл шаруашылық жерлерін  тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізуді,Жер кодексіне және басқада заң актілеріне өзгерістер еңгізуі қарастырылған.     
        Салық кодексінің386-бабы 4-тармағына сәйкес объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, Салық кодекстiң 381, 382, 383, 384 және 386-баптарында белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
        Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментіауыл шаруашылық және тұрғын үй-коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау және айналымға енгізу мақсатымен, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету үшін камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
        Мемлекеттік уәкілетті органның мәліметтеріне сүйене,  объектілер құрылысына арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша 2015 жылға   -20  жер учаскіден 1532,1  мың теңгеге жер салығы  қосымша есептеліп, бюджетке өндірілді.
Ал, 2016 жылға ұсынылған мәліметтерге  сәйкес 19 жер учаскелер бойынша -1942,0 мың теңгеге жер салығы  қосымша есептелді.