38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.
Салық және кеден саясаты мен процедураларын оңтайландыру – экономикалық реформалауды құраудың негізінің бірі болып табылады. Еліміздің экономикасын дамытуды қамтамасыз етуге және 30 дамыған елдердің қатарына қосылуға бағытталған, Ел басы ұсынған «бес институционалдық реформаны орындау бойынша 100 қадам» мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде.
Республикамыздың Президенті атаған ең негізгі қадамдардың бірі - эскпортерлар мен импортерлардың кедендік процедуралардан өтуі кезінде «бір терезе» принципін енгізу. Бұл өз кезегінде, электрондық декларациялау жүйесін дамыту және құжаттар саны мен информациялық процесстерді интеграциялау есебінен оларды өңдеу уақытын қысқарту болып табылады.
«Бір терезе» принципі мемлекеттік органдардың, сыртқы экономикалық қызметті реттеушілердің және СЭҚ қатысушылардің өзара әрекеттесу механизмін болжап, ең соңында біріңғай өткізу каналы арқылы стандартталған құжаттарды ұсынуға мүмкіншілік береді. Содан кейін, мүдделі мемлекеттік органдар оларды өңдеуге және сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруын әрі қарай бақылауға мүмкіншілік алады. «Бір терезе» механизмін қолдану ЕАЭО мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдарына кедендік декларациялау саласында ұсынылатын қызметтің сапасын арттыруға және мерзімін қысқартуға мүмкіншілік береді, сондай-ақ, әкімшілік процедураларды жеңілдетіп, олардың тиімділігін арттырады.
«Тараз-КРО» кеден бекетінде эскпортерлар мен импортерлардың кедендік процедуралардан өтуі кезінде «бір терезе» принципі әрекет етеді.
2017 жылдың 1 тоқсанында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сыртқы сауда айналымы 288 млн 445 мың АҚШ долларын, жалпы салмағы 344 млн 561 мың тоннанықұрады.
Оның ішінде экспорт – 224 млн 332 мың АҚШ долларын, жалпы салмағы 398 млн 490 мың тоннаны құрап, өз кезегінде, жалпы сыртқы айналымның 77,8% құрады.
Ал, импорт – 64 млн 113 мың АҚШ долларын, жалпы салмағы 46 млн 071 мың тоннаны құрап, жалпы сыртқы айналымның 22,2% құрады.
Сонымен, қазіргі таңда, импорттау кезінде кедендік ресімдеуге тек 4 құжат ұсынылады, ал экспорт кезінде 3 құжат ұсынылады.
Бұған дейін импорттау кезінде кедендік ресімдеуге 8 құжат ұсыну, ал экспорт кезінде 7 құжат ұсыну қажет болатын.
Қазіргі таңда, экспортқа негізінен келесі тауарлар ресімделеді:
- Химия өнеркәсібінің өндірістері, тоқыма, азық-түлік тауарлары, минералдық өнімдер, металдар және олардан жасалған өнімдер, машина, қондырғылар, көлік құралдары, приборлар, аппараттар және т.б.
Экспорт бойынша сауда серіктестері болып келесі елдер табылады:
- Қытай, АҚШ, Канада, Германия, Чех Республикасы, Польша, Өзбекстан, Франция.
Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарымен бекітілген, мақсаттық көрсеткіш, тауарларды кедендік тазарту бойынша операцияларды жүзеге асыру уақыты этап бойынша қысқаруда. 2017 жылы тауарларды кедендік тазартудан өткізу уақыты 5 сағаттан аспайды,
2017 жылғы 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша экспорткезіндекедендік тазартудан өту уақыты орташа есеппен 30 минутты құрады.