
Көп салық түсімдері – халықтың әл-ауқатының кепілі!
Бүгін, 2017 жылдың 19 сәуірінде Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД түскен салықтар мен өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдердің болжамдық көрсеткіштерінің орындалуы» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Сағадат Әбдезқызы Палванова, Талдау және тәуекелдер басқармасының және Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы Жанбатис Тельжанұлы Ибраев, Өмірзақ Сайлауұлы Қоспанов қатысты.
Брифинг соңында Департамент қызметкерлері қатысып отырған БАҚ өкілдерінің салық міндеттемелерін орындау бойынша сұрақтарына жауап берді.