Date of publication: 18.04.2017 12:25
Date of changing: 18.04.2017 12:35
2017 жылдың 1 тоқсанынның қортындысы бойынша   Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының атқарылған жұмыстар туралы газет тілшісінің қатысуымен брифинг өткізілді
     2017 жылдың 1 тоқсанына Байзақ ауданы бойынша бекітілген мемлекеттік бюджеттің болжам сомасы 385,8 млн.теңге болса, 31.03.2017 жылға нақты түскені 469,9 млн.тенге, орындалу  121,8 пайызды  құрап,  84,1 млн.теңгеге артық түсім жасалынған, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 122,1 пайыз немесе 85,0 млн. теңгеге түсім артқан.
Оның ішінде:
     Республикалық бюджет бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына болжам сома 73,7 млн.теңге болса, 31.03.2017 жылға нақты түскені 86,9 млн.теңге немесе орындалу 117,9 пайыз құрап 31,3 млн.теңгеге артық түсім жасалынған, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 169,6 пайыз немесе 35,7 млн. теңгеге түсім артқан.
    Жергілікті бюджет бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына болжам сома 312,0 млн. теңге болса, 31.03.2017 жылға нақты түскені 382,9 млн.теңге, орындалуы 122,7 пайыз немесе 70,9 млн.тенгеге түсім артқан, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 114,8 пайыз, немесе 49,3 млн.теңгеге түсім артқан.
    Облыстық бюджет бойынша болжам сома 123,0 млн. теңге болса, нақты түскені 153,8 млн.теңге, орындалуы 125,0 пайыз немесе 30,7 млн.тенгеге түсім артқан, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 112,0 пайызды құрап , түсім 16,4 млн. теңгеге артты.
     Аудандық бюджет бойынша болжам сома 189,0 млн. теңге болса, нақты түскені 229,2 млн.теңге, орындалуы 121,3 пайыз немесе 40,2 млн.тенгеге түсім артқан, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 116,8 пайыз немесе 32,9 млн. теңгеге артық түсім жасалды.
     Бекітілген болжам сомаларды толық және сапалы орындалуына қол жеткізудің басты себебтері бұл Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен, аудан әкімшілігімен  бекітілген арнайы іс шара жоспарларының басқарма тарапынан сапалы орындалуы және аудан  салық төлеушілерінің жылдан жылға салық мәдениетінің жақсарып, өз міндеттемелерін толық орындауында.
      Қосымша түсім көздерін анықтау мақсатында басқарма тарапынан 2011-2016 жыл аралығында салық төлеушілердің салық органына тапсырған салық есептіліктеріне және уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге сәйкес  камералдық бақылау жасалынып, нәтижесінде бюджетке қосымша барлығы  61,63 млн. теңге есептелініп  54,09 млн.тенгесі бюджетке өндірілді.
     Оның ішінде: республикалық бюджет бойынша барлығы 47,46 млн.тенге, жергілікті бюджет  бойынша 14,17 млн.тенге өндірілді.
     Олар: косымша құн салығы бойынша 25,48 млн.тенге, корпоративтік табыс салығы бойынша 0,4 млн.тенге, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 1,9 млн тенге, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 4,6 млн тенге әлеуметтік салық бойынша 11,3 млн.тенге, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша  0.2 млн. теңге,  жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша 3.2 млн. теңге, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем  бойынша 0,05 млн.тенге.           
2017 жылы барлығы 13 салықтық тексеру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде  5- қарсы тексеру, 3 тақырыптық  тексеру салық төлеушінің дебиторлық қарыздарын анықтау мақсатында жүргізілді,  жекелеген сұрақтар бойынша -2  тексеру салық төлеушілердің берешек сомаларын мерзімінде өтемегені үшін салық төлеушілердің кассаларына жасалды. 2 хронометраждық анықтау жұмыстары жүргізіліп  нәтижесінде 1,7 млн.тенгеге табыс көлемі көбейтіліп 2 жалдамалы жұмысшыға көбейтілді.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу мақсатындағы жұмыстар басқармада қатаң бакылауда. Қызметкерлер арасында әрдайым ҚР заңдарына және нормативтік актілер бойынша, оларға  енгізілген өзгерістер , талаптарға сәйкес  кәсіби сабақтар өткізіліп туралы. Аудандық құқық қорғау органдары, «Нұр отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен 9 дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді.  Аудандық «Ауыл жаңалығы» және облыстық «Ауыл аймақ», «Жамбыл спорты» газеттерінде 2 мақала жарияланды.
      Ауданның салық төлеушілеріне Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодесіндегі 2017 жылға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жеткізу, түсіндіру  мақсатында  11 мақала жарияланды және 8 семинар, дөңгелек үстелдер өткізілді.
Ағымдағы жылдың 1-ші сәуіріне мемлекеттік кірістер басқармасында барлығы 73974 салықтөлеушілер тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар 487, жеке кәсіпкерлер  мен шаруа қожалықтары 5268, адвокаттар 7, нотариустар 6,  жеке сот орындаушылар 3, жеке тұлғалар 73448.
 
ҚР Мемлекеттік кірістер органдарына бекітілген мемлекеттік қызметтер бойынша  2017 жылдың 1 тоқсанына Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен жалпы 13281 мемлекеттік қызмет уақытылы мерзімінде және сапалы  көрсетілді, оның ішінде:  10395 – электронды түрде.
     2017 жылдың 1 тоқсанында барлық салық және басқа да төлемдер бойынша 8197 ағымды, қосымша және хабарлама бойынша қосымша  салық есептіліктері қабылданды және енгізілді. Оның ішінде қағаз тасығышта -148, электронды түрде -8040, пошта арқылы 9 тапсырылды.
           
Берешектер бойынша
 
     01.01.2017 жылға берешек сомалар  – 5,1 млн.тенге болса,   31.03.2017 жылға берешек  сома  – 12,1 млн. тенге құрап , жыл басымен салыстырғанда 7,0 млн. тенгеге көбейді. 
     01.01.2017 жылға бересі сомалар  – 1,7 млн.тенге болса,   31.03.2017 жылға бересі  сома  – 6,4  млн. тенге құрап , жыл басымен салыстырғанда 4,7 млн. тенгеге көбейді.
     Алайда жоғары аталған салықтардың көбейу себебі  жеке тұлғалардың бет есептеріне сараптама жұмыстарын жүргізу барсында бұрынғы жылдары төленбеген    көлік салықтарының берешек сомалары  7,0 млн тенгеге анықталды.
      Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомаларын өндіру мақсатында келесідей жұмыстар атқарылды;
- 137 салық төлеуші бойынша 38,2 млн тенгеге салықтарға бересі сомаларын төлеуі туралы хабарламалар жіберіліп табыс етілді.
- 57 салық төлеушінің кассаларының шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер шығарылып салық төлеушілерге табыс етілді.
         - 61 салық төлеуші бойынша 28,1 млн тенгеге банктердегі шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер қойылды, осының нәтижесінде өндірілген сома 23,4 млн тенгені құрады.   
- 21 салық төлеуші бойынша 25,1 млн тенгеге инкассалық өкімдер қойылып, нәтижесінде 23,1 млн тенге бересі сомалары өндірілді .
     Жыл басынан  дебиторлық  қарыздар бойынша  3 салық төлеушіге дебиторлық қарыздарын анықтау мақсатында тексерулер ашылып нәтижесінде 3 салық төлеушіге дебиторлық қаыздары бары немесе  жоғы туралы хабарламаға жауап бермегені үшін ӘқБК нің 288 бабы бойынша 0,1 млн тенге айыппұл салынып толық өндірілді.
Жыл басынан 2 салық төлеушінің кассасы бойынша  тексерулер жасалып нәтижесінде 1 салық төлеушіге ӘқБК нің 277 бабы бойынша 0,03 млн тенге айыппұл салынып толығымен өндірілді.
     Жыл басынан бюджет алдында салықтар бойынша берешек сомасы бар 52 салық төлеуші бойынша   мүліктеріне шектеу қою туралы шешімдер шығарылып табыс етілді, оның ішінде 51 салық төлеуші бойынша мүліктеріне шектеу қою шешімінің негізінде 12,1 млн тенгеге тізілімдеме актілері жасалынды  және 43 салық төлеушінің  мүлікіне шектеу қою туралы тізілімдеме актісі және басқа да  құжаттары АҚ  АБ жСК –не   жолданды,
1 салық төлеушінің   еншісінде Жамбыл облысы аумағында жылжымайтын мүлікке құқықтары  тіркелмегеніне байланысты тізілімдеме актісі жасалынбады. Ал қалаған салық төлеушілердің мүліктерін шекетеу туралы шешімдері  берешек сомаларын толық төлеуіне сәйкес кері қайтарылды.
    Жыл басынан  салық және басқада төлемдерге бересі сомаларын төлеуі туралы  хабарлама бойынша дебиторлары бар жоғы туралы жауап бермеген 8 салық төлеушілер бойынша ҚР ӘҚбК –нің 288 бабына сәйкес 0,1 млн  тенге айыппұл салынды, өндірілгені  0,1 млн  тенге. Сонымен қатар ҚР ӘҚбК –нің 279   бабы 2 тармағына  сәйкес 7 салық төлеушіге 0,1  млн тенге айыппұл салынды, өндірілгені  0,1 млн  тенге.
     01.01.2017 жылға МЗҚ алдында МЗЖ бойынша  берешек сомалар  – 9,1 млн.тенге болса,   31.03.2017 жылға берешек  сома  – 9,3 млн. тенге құрап , жыл басымен салыстырғанда   -0,2  млн. тенгеге көбейді. 
          01.01.2017 жылға МЗҚ алдында МЗЖ бойынша  бересі сомалар  1,1 млн.тенге болса, 31.03.2017 жылға бересі  сома 1,1  млн. тенге құрады, 
         МЗҚ алдында МЗЖ бойынша  берешек сомаларын өндіру мақсатында келесідей жұмыстар атқарылды;
- 300 салық төлеуші бойынша 5,6 млн тенгеге МЗҚ алдында МЗЖ бойынша берешек сомаларын төлеуі туралы хабарламалар жіберіліп табыс етілді.
 - 71 салық төлеуші бойынша 1,7 млн тенгеге банктердегі шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер қойылды
- 48 салық төлеушінің кассаларының шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер шығарылып салық төлеушілерге табыс етілді.
 - 119 төлеушіге ҚР ӘҚбК –нің .91  бабы 6 тармағы бойынша өкімдер шығарылып  ескертулер берілді.
     01.01.2017 жылға ӘТ  бойынша  берешек сомалар  – 1,6 млн.тенге болса,  31.03.2017 жылға берешек  сома  – 1,5 млн. тенге құрап , жыл басымен салыстырғанда   -0,1  млн. тенгеге кемітілді. 
     01.01.2017 жылға ӘТ  бойынша  бересі сомалар  – 0,6 млн.тенге болса,   31.03.2017 жылға бересі  сома  – 0,5  млн. тенге құрап , жыл басымен салыстырғанда   -0,1 млн. тенгеге кемітілді
           ӘТ бойынша  берешек сомаларын өндіру мақсатында келесідей жұмыстар атқарылды;
- 263 салық төлеуші бойынша 1,6 млн тенгеге берешек сомаларын төлеуі туралы хабарламалар жіберіліп табыс етілді.
- 87 салық төлеуші бойынша 1,4  млн тенгеге банктердегі шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер шығарылып нәтижесінде өндірілген сома 0,9  млн тенгені құрады.
- 76 салық төлеушінің кассаларының шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер шығарылып салық төлеушілерге табыс етілді.
        - 101  салық төлеушіге ҚР ӘҚбК –нің 92 бабы бойынша хаттамалар толтырылып ескертулер берілді.
 
Жеке тұлғалардың мүлік, жер , көлік салығы бойынша
 
      Жеке тұлғалардың мүлік пен жер салығынан аудан бойынша 2017  жылғы өзгерістерге байланысты аталған салықтарға болжам сомасы бекітілген жоқ. 
       Жеке тұлғалардың көлік салығынан аудан бойынша 2017 жылғы 1 тоқсанға  бекітілген болжам сомасы  17,1 млн теңге болса, 31.03.2017 жылға  нақты түскені 23,9 млн. теңге, орындалуы 139,8 % немесе 6,8 млн. теңгеге артық орындалған және өткен жылдың есепті күнімен салыстырғанда өсу қарқыны 122,8 % құрады. 
2012-2016 жылдары көлік салығын төлемеген салық төлеушілердің бет есептеріне түгендеу жұмысын жүргізу барысында жыл басынан бастап сомасы 9,5 млн.теңгеге 339 салық төлеушіге хабарламалар жолданып, оның 120 салық төлеушінің 2,9 млн.теңгесі түскен. Қалған хабарламаны уақытысында орындамаған 36 материал сомасы 1,2 млн.теңгеге сот органдарына мәжбүрлеп өндіру үшін жолданып, 8салық төлеушіден 0,3 млн.теңгеге қосымша салықтары өндірілді. Аталған жұмыстар сот орындаушылармен бірге атқарылуда.
       Аудан көлемінде 01.04.2017 жылға қозғалтқыш көлемі 4000 куб.см асқан 60 автокөлік иесі тіркелген.  Оның 34 иесі әртүрлі жеңілдіктері бойынша салық төлеуден босатылған. Қалған  26 салық  төлеушінің 2016 жылғы көлік салығын уақытылы төлемегені  16 СТ,   оның ішінде 16 СТ-ге 3,2 млн.теңгеге хабарлама жолданып, 8 СТ  1,4 млн.теңгеге хабарлама бойынша өндірілді.  3 СТ-нің көліктері  бойынша 0,6 млн.теңгеге  сот бұйрығы  шығып, 1 көлік бойынша 0,1 млн.теңге төленді. Қалған 5 хабарламаның уақыты келген жоқ.
      Аудан көлемінде 01.04.2017 жылға қозғалтқыш көлемі 3001- 4000куб.см  бар 99 автокөлік иесі тіркелген.  Оның 17 иесі әртүрлі жеңілдіктері бойынша салық төлеуден босатылған. Қалған  82 салық  төлеушінің 2016 жылғы көлік салығын уақытылы төлемегені  36  СТ,   оның ішінде 36 СТ-ге 1,8 млн.теңгеге хабарлама жолданып, 23 СТ  0,7 млн.теңгеге хабарлама бойынша өндірілді.  6 СТ-нің көліктері  бойынша 0,2 млн.теңгеге  сот бұйрықтары   шығып, 1 көлік бойынша 0,03 млн.теңге төленді. Қалған 7 хабарламаның уақыты келген жоқ.
      2017 жыл 1 тоқсаны  ішінде жеке тұлғаның көлік салығын әкімшілендіру жұмысын жандандыру мақсатында  жеке сот орындаушылары, ІІБ-нің қызметкерлерімен біріккен 1 рейдтік шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 25 салық төлеушіден 0,9 млн.теңге салық өндірілді. 
 
Әкімшілік істер
     Жалпы 2017 жылы 1 тоқсаны жағдайында салық заңдылығын бұзуға жол берген салық төлеушілерге 408  әкімшілік істер  дайындалды. Оның ішінде ескерту түрінде 336,  іс және  өз еркімен төлеу туралы  23 хабарлама табыс етіліп 1,2 млн. теңгеге айыппұл салынып толығымен өндірілді, 19 әкімшілік істер бойынша тиісті қаулысы шығып 0,7 млн. теңгеге айыппұл салынып, оның 0,4 млн.теңгесі  бюджетке өндірілді.