
БАҚ-қа АРНАЛҒАН АНОНС!
2017 жылдың 19 сәуірінде сағат 11-00-де Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жамбыл облысы бойынша МКД 2017 жылдың 1 тоқсанына жеткізілген болжамның орындалуы, қосымша резервтерді анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, 2017 жылдың соңына дейінгі міндеттері» тақырыбында брифинг өтеді.
Пресс-релиз
Болжамның орындалуы.
2017 жылдың 1 тоқсанының жағдайы бойынша Мемлекеттік бюджеттің салықтар мен кеден төлемдерінің орындалуы 119,6 пайызды құрады. Болжам – 14192,9 млн. теңге болса, нақты түсім 16978,8 млн. теңге, немесе 2785,9 млн. теңгеге артық түсті.
Өткен жылмен салыстырғанда түсім 9,7 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны - 100,1 пайыз.
Республикалық бюджеттің орындалуы 111,8 пайыз немесе 630,2 млн. теңгеге артқан, болжам – 5360,9 млн.тенге, нақты түскені – 5991,1 млн. тенге, өткен жылмен салыстырғанда 1732,3 млн.теңгеге кем түсті, өсу қарқыны - 77,6 пайызды құрады.
Оның ішінде:
Салық төлемдері бойынша болжамның орындалуы 116,8 пайызды құрады немесе түсім 965,0 млн. теңгеге артқан, яғни болжам 4149,2 млн. теңге болса, нақты түсім 4844,1 млн. теңге.
Кеден төлемдері бойынша болжамның орындалуы 94,7 пайызды құрады немесе түсім 64,8 млн. теңгеге кеміген, яғни болжам 1211,7 млн. теңге болса, нақты түсім 1146,9 млн. теңге.
Барлық аудандар бойынша түсімдер 100 пайыздан аса орындалып отыр.
Жергілікті бюджеттің түсімі болжам бойынша 8832,0 млн. теңге, нақты түскені 10987,6 млн. теңге, яғни 2155,6 млн. теңгеге артқан немесе 124,4 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда жергілікті бюджетке 1742,0 млн. теңге артқан немесе 118,8 пайызды құрады. Барлық аудандар бойынша түсімдер 100 пайыздан аса орындалып отыр.
Оның ішінде:
Облыстық бюджет бойынша болжамның орындалуы 130,5 пайызды құрады немесе түсім 1249,8 млн. теңгеге артқан, яғни болжам 4098,4 млн. теңге болса, нақты түсім 5348,1 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 535,2 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 111,1 пайызды құрады.
Аудандық бюджет бойынша болжамның орындалуы 119,1 пайызды құрады немесе түсім 905,9 млн. теңгеге артқан, яғни болжам 4733,7 млн. теңге болса, нақты түсім 5639,5 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 1206,9 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 127,2 пайызды құрады.
Қосымша резервтер.
Қосымша резервтерді іздеп табу бойынша жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде Мемлекеттік бюджетке 1691,0 млн. теңге қосымша түсті, оның ішінде:
салық төлемдері бойынша 1569,8 млн.теңге өндірілді (763,4 млн. теңгеге артық төлем сомасы жабылды, ақшалай түскені – 806,4 млн. теңге);
кеден төлемдері бойынша қосымша есептелініп өндірілгені 84,2 млн.теңге, (оның ішінде КҚТ- 20,0 млн. теңге, кедендік тексеру – 64,2 млн. теңге.), ЭТҚ бойынша – 37,0 млн.теңге.
Республикалық бюджет бойынша салық төлемдерінен - 1095,6 млн. теңге қосымша өндірілді (оның ішінде артық төлем - 710,8 млн. тенгеге жабылды, ақшалай түскені – 384,8 млн. тенге).
Жергілікті бюджет бойынша қосымша өндірілгені - 595,4 млн.тенге (оның ішінде артық төлем- 52,6 млн. тенгеге жабылды, ақшалай түскені – 542,8 млн. тенге).
Қосымша резервтерді іздеп табу салық есептілігіне камералдық бақылау жүргізу негізгі кірістердің көзі болып табылады, автоматтандырылған камералдық бақылаудың нәтижесінде 377,3 млн. теңге қосымша есептелініп, бюджетке өндірілгені - 272,3 млн. теңге. (217,0 млн. теңгеге артық төлем сомасы жабылды, ақшалай түскені – 54,8 млн. теңге).
Сонымен қатар, жалған кәсіпорындар контрагентінің алғы- бергісі бойынша атқарылған жұмысының нәтижесінде 87,3 млн. теңге бюджетке қосымша есептелініп, өндірілгені – 9,9 млн. теңге, (артық төлем сомасы - 9,5 млн. тенгеге жабылды, ақшалай түскені – 0,4 млн. тенге).
Қол жүйесі камералдық бақылау нәтижесінде 1033,0 млн теңге қосымша есептелініп, бюджетке өндірілгені - 933,2 млн.тенге (артық төлем- 448,8 млн. тенгеге жабылды, ақшалай түскені – 484,4 млн. тенге).
Экономикалық бақылау жұмысы нәтижесінде 20 кешенді және тақырыптық тексеру кезінде бюджетке 252,9 млн.тенге қосымша есептелінді (артық төлем - 97,1 млн. теңгеге жабылды, ақшалай түскені – 155,8 млн. тенге).
Бересі сомасын төмендету жұмысының нәтижесінде мәжбүрлеп өндіру шараларын қолдану арқылы бюджетке 77,6 млн. теңге өндірілді.