Date of publication: 13.04.2017 09:33
Date of changing: 13.04.2017 09:35
Мини футболдан турнир
     2017 жылдың 8 сәуір айында Тараз қаласында «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысы құқық қорғау қызметкерлері арасында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шағын-футболдан облыстық турнир өткізілді.
     Жарыстың ұйымдастырушысы Жамбыл облысы бойынша ішкі істер Департаменті. Аталған турнирге құқық қорғау саласы бойынша 12 команда қатысқан болатын, жарыстың ойындары өте қызықты және көріністі болды.
     Көрермендер мен жанкүйерлер әсерлі әдістерді, қызықты сәттерді және әдемі голдарды бағалауға мүмкіндік алды.
Әрбір топтың көрсеткен жеңіске деген тілегі мен спортқа деген құмарлықтары, жолдастық жарыстағы жеңістің қаншалықты маңызды екендігін көрсетті.
     Нәтижесінде мына командалар жеңімпаз атанып, 1-орын – Ұлттық қауіпсіздік Комитеті қызметкерлері; 2-орын  – Ішкі істер Департаменті қызметкерлері; 3-орынМемлекеттік кірістер Департаменті қызметкерлері.
     Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз коман­даларды Дипломдармен, медаль мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Біздің командамызды жеңісімен құттықтаймыз!