
Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік
Бүгін, сәуірдің 5-де Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлерінің қатысуымен Жамбыл облысы Әкімдігінің ақпараттық тобы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша кездесу өткізді.
Департамент қызметкерлерінің алдында - еңбек ардагері, қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов, «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Лысова Лариса Анатольевна, Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің қамқоршылар кеңесінің төрағасы Байжанов Қайрат Балабиұлы сөз сөйледі, сонымен қатар кездесуде ҚР Ұлттық банкі Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Берікбосынов Нұрлан Махамбетұлы қатысты.
Топтың мүшелері, Н. Назарбаев бұл Жолдауында экономикалық өсудің жаңа моделін құру қажеттігін атай отырып, алдағы өзгерістерді Үшінші жаңғырту деп атағанын атап көрсетті. Басымдықтардың арасында экономиканың одан әрі тұрақты өсуін, халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруын, бизнес ортаны кеңейтуді, макроэкономикалық тұрақтылықты, сыбайлас жемқорлыққа және экстремизмге қарсы күресті, сонымен қатар, кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикада мемлекеттің рөлін азайтуды, қоғамдық келісімді белгіленгенін атап өтті.