«Тиісті жарна төлемегендер жауапқа тартылатын болады»!!!
«Елбасы өзінің биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында денсаулық сақтау жүйесіне Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ҚР Үкіметі 3 ақпандағы кеңейтілген отырысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шараларына баса назар аудару қажеттілігі жөнінде нақты міндеттемелер берілген болатын.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, бұл әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі бойынша ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатын, сонымен бірге, мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігін қамтамасыз ететін тиімді науқан десек болады. Сондай-ақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медициналық қызметтерді ұсынушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен медициналық қызметтің сапасын көтеруге, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен жалақысын арттыруға көмектеседі.
Медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстары қазір облыс аумағында кеңінен қолға алынып, студенттерге, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардағы қызметкерлерге түсіндірілуде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға еліміздің кірістер органдарының қандай қатысы бар деген сұрақ кейбіреулерді мазалауы мүмкін. Осындай түсініспеушілік туындамас үшін, Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Есеп және талдау бөлімінің басшысы-Гүлзина Мамырқұлова, облыстық және қалалық денсаулық сақтау салаларының басшылығымен бірлесіп, облыс жұртшылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Елімізде үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жұмыс беруші және тұрғындар жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталап кетті. Айта кету керек, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация кіреді. Егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
Мәселен, Сіз зейнеткер, студент немесе қоғамның басқа да әлуаз тобына жататын болсаңыз, Сіз үшін мемлекет орташа айлық есептік көрсеткіштің 7%-ын төлеп отыратын болады. Бұл пайыздық көрсеткіштер кезең-кезеңімен жыл сайын артып отыратын болады. 2017 жылы-4%, 2018 жылы-5%, 2023 жылы-6%, 2024 жылы-7%.
Егер Сіздің жұмысыңыз болатын болса, онда жұмыс беруші Сізге міндетті түрде ай сайынғы табысыңыздың 5%-ын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна ретінде аудыр отыруы тиіс. Жұмыс берушілер табыстың жалпы ставка көлемін 5%-дан кем емес көлемде аударады. Ал аударым 2017 жылы-2%, 2018 жылы-3%, 2019 жылы-4% және 2020 жылдан бастап 5%-ды құрайтын болады. Яғни, жұмысшылардың жарна көлемі табысының-2%нан басталатын болады.
Ал егер Сіз жеке кәсіпкер, жеке сот орындаушы, жеке нотариус, кәсіби медиатор және т.б. жеке іспен айналысатын тұлға болатын босаңыз, Сіздің табыс ставкаңыз 15 төменгі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тиісті төлемдер жарнасынан қоғамның 15 әлжуас тобы босатылатын болады.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, бұл жүйеге қатысы барлық ел тұрғындарына міндеттелген.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, жұмыс беруші қарамағындағы жұмысшыларға жарна аударатын болады. Ал, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әр жұмысшы өзіне жарна аударуға міндетті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұртшылықты жаңа жүйеге әдеттендіру үшін жасақталған.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын жарналардың талапқа сайлылығын бақылау еліміздің мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген.