Date of publication: 29.03.2017 15:01
Date of changing: 29.03.2017 15:03
     Ұлтымыздың «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» жоспарының бірнеше тармағы салық және кеден саясаты мәселесіне бөлінген.
     Департаментте кедендік әкімшіліктендіру элементтерінің бірі болып, кедендік құнды бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Кедендік құнды бақылау лауазымды тұлғалармен тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де, тауарлардың кедендік құнының шамасына және құрылымына қатысты мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын тексеру жолымен жүзеге асырылады. 
     ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кедендік басқармасы арасындағы кеден ісіндегі әріптестік бойынша белсенді өзара қарым-қатынас, өз кезегінде, тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылаудың тиімділігіне ықпал етеді.
     2016 жылдың басынан бастап, Қытай Халық Республикасынан едәуір төмен бағамен импортталған тауарлардың мәлімделген кедендік құнының дұрыстығын анықтау мақсатында, Департаментпен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасы арқылы ҚХР-дің Кедендік қызметіне сұрау салуларды жолдау бойынша іс-шаралар жүргізілді.
     Қазіргі таңда, жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бюджетке 25 млн. аса теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелді.
     Аталған шараның негізгі мақсаты келесіні түбегейлі жою болып табылады - сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың бірі құжаттық расталған ақпарат негізінде кедендік құнды мәлімдеп, тиісінше толық көлемде кедендік төлемдер мен салықтарды төлейді, ал басқалары тауарлардың кедендік құнын төмендету жолымен толық көлемде төлемейді, сәйкесінше соңғысында тауар арзанға түседі, осылайша теңсіз бәсекелестік туындайды.         
     Осыған байланысты, тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау механизмін іске асыру, парасатты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқылы, оларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.