Date of publication: 28.03.2017 10:45
Date of changing: 28.03.2017 10:47
ҚҚС-ын сатудан алынатын салыққа ауыстыру
 
         Сатудан алынатын салық тікелей сауда орнындарында нақты тауарларды сатып алу және көрсетілген қызметке, көпшілік тұтынатын тауарларға арналған салықтың бірден-бір түрі түрі болып табылады.  
         Заңда көрсетілген алынып тасталған тізімдерге сәйкес, сатудан алынатын салықтан кейбір тауарлар мен қызметтер босатылуы мүмкін. Салықты әкімшілендіру тәртібін реттеуші Заңдар, сатудан алынатын салық сатылатын бағаға қосылуын, болмаса тікелей сауда орындарында бағаға қосылуын талап етуі мүмкін.
         Көпшілік елдерде сатудан алынатын салық сатып алушыдан сатушы өндіріп алады, ал сатушы өндіріп алынған соманы салық қызметіне аударады. Сатудан алынатын салық әдеттегідей тауар сату кезінде өндіріледі, ал көп жағдайда және де қызметті сату (көрсету) кезінде де өндіріледі. 
         Сатудан алынатын салық тек қана тауар болмаса көрсетілген қызмет соңғы тұтынушыға сатылған кезде ғана өндіріледі. Бұл мақсатқа жету үшін, соңғы тұтынушы болып табылмайтын сатып алушы сатушыға «қайта сату сертификатын» әдеттегідей ұсынуға міндетті, яғни сатушы тауарды қайта сату мақсатында алғандығын растайды. Бұндай сертификатпен қамтамасыз етілмегендіктен, бұл жағдайда салық әрбір позициядан өндіріледі.
         Қазіргі заманда әдеттегі сатып алудан алынатын салықтан әмбебап қосылған құн салығына өту тенденциясы байқалуда.      
         Барлық әлемде қосылған құн салығы салықтық түсімнің кемінде 20%-ін қамтамасыз етеді және де әлемнің 140 елінде қолданылады. Дегенмен АҚШ кәдімгі сатудан алынатын салықты сақтап қалған аздаған елдердің бірі болып табылады.
         Салық жүйесінде қолданылатын сатудан алынатын салық экономиканың, инвестиция мен жиналған қаражаттың өсулеріне әдеттегідей мүмкіндік жасайды.
         Қорыта айытқанда, егерде сатудан алынатын салық сатылған тауардың (жұмыстың, қызметтің) 5-7%-ті көлемінде құрайтын болса, бұл 12%-пен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болар еді.
         Бұның бір пайда жағы, жабдықтаушы мен сатып алушының күмәнді мекемелермен, жалған мекемелермен жалған операциялар жасауды, банкрот процедурасы жүргізіліп жатқан, банкрот болып табылған мекемелермен, жоюлуға жақын мекемелермен, салықтық есептерін тапсырмайтын болмаса нөлдік көрсеткішпен өткізетіндермен өз-ара қарым қатынасын жояды.