Date of publication: 15.03.2017 18:58
Date of changing: 15.03.2017 18:59

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлееттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары мен халқының (жеке тұлға) назарына, инвестициялық келісім-шарттарды қолдану мәселесі бойынша және келесі нормативтік құқықтық актілері бойынша хабарлайды.

1) «Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды ұсынуға өтініштің нысанын және оларды қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы №74 бұйрығы;

2) «Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы №75 бұйрығы;

3) «Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы №85 бұйрығы;

4) «Арнайы инвестициялық келісімшартты іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету жөніндегі шектеулерге байланысты кедендік әкелу баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсынылған ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды нысаналы пайдалануды мойындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы.

5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 наурызда № 14861 тіркелген «Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 428 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 ақпандағы № 104 Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығын (бұдан әрі – Шетелдік тауарларды сәйкестендіру қағидалары) мәлімет және жұмысты ұйымдастыру үшін жолдаймыз.

     Көрсетілген бұйрықтар қазіргі күнде Қазақстан Республикасының Әділет министрлінде тіркелді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, көрсетілген 1), 2), 3) бұйрықтар жарияланды және қолданысқа енгізілді, 4) бұйрық тіркелуде және 2017 жылдың 12 наурызына дейін жарялауға жолданылуы жоспарлануда.

    Атаған бұйрық 2017 жылдың 6 наурызында zan.gov.kz сайтында жарияланды және 2017 жылдың 7 наурызынан қолданыста.