
Департаментпен 2017 жылдың 06 науырызда СЭҚ қатысушылары мен кеден өкілдерінің қатысуымен «ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау тәртібі» тақырыбында «дөңгелек үстел» түріндегі түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары кездесуінде ҚР ҚМ МКК сайтындағы ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасының қызметі (ОКЗ кедендік сараптама жүргізу барысындағы техникалық мүмкіндіктері туралы) және Қазақстан Республикасының аккредиттелген тәуелсіз сараптама мекемелері туралы ақпараттарды қамтитын файлдарға ашық қол жеткізуге мүмкіндіктің бар екендігімен ақпараттандырылды.
«Дөңгелек үстел» отырысының аяғында барлық шақырылған қатысушыларға келесідей мазмұндағы қысқаша тақырыптық ақпаратты қамтитын бүктемелер таратылды:
«Алдын ала шешімді қабылдау» мемлекеттік қызметі ақылы мемлекеттік қызмет категориясына жатады. Алдын ала шешімді беру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы №56 «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы №24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 13 ақпандағы Қаулысымен бекітілген ставка бойынша 29 000 теңге соммасында кедендік алым алынады.
Сонымен қатар, Д.В.Илларионов дөңгелек үстел отырысының қатысушыларына ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасының қызметі (ОКЗ кедендік сараптама жүргізу барысындағы техникалық мүмкіндіктері туралы) және Қазақстан Республикасының аккредиттелген тәуелсіз сараптама мекемелері туралы ақпараттарды келесі сілтемелер арқылы https://kgd.gov.kz/ru/content/informaciya-o-deyatelnosti-1 алуға болатынын хабарлады.