|
Облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріне |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыста басшылыққа және есепке алу үшін келесіні жолдайды.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 365-бабы 3-тармағының 4)-6) тармақшаларының ережелеріне сәйкес, мыналар:
салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
Бұл ретте, осы норма, егер мұндай автокөлік құралдары 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер болып табылса, жоғарыда аталған тұлғаларға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5-5-8-155/1-4227 хатымен жолданған түсіндірмесіне сәйкес, МТНБ телнұсқасын беруді қоспағанда, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БАЖ) көлік құралының тіркеу деректерін (КҚТК, МТНБ ауыстыру, қайта жабдықтау, көлік құралының түсін өзгерту, көлік құралы иесiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тұрғылықты жері) өзгертумен байланысты өзгерістер енгізу тіркеу әрекеттеріне жатады. МТНБ телнұсқасын беру кезінде өзгерістер БАЖ-ға енгізілмейді.
Осылайша, егер салық төлеушімен 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін көлік құралының тіркеу мәліметтерін өзгерту бойынша жоғарыда келтірілген тіркеу әрекеттерін жасалаған кезде, Салық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 4) - 6) тармақшаларымен қарастырылған салықтан босатуды қолдануға құқықтық негіз жоқ.
Қосымша 1 бетте.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Әдістеме департаментінің директоры Т. Ботақанова
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ КГД-05-1-9615-КГД-5078 хатқа
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) ұғымына қатысты хатты қарап, мынаны хабарлайды.
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 30) тармақшасына сәйкес құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстырып тексергеннен кейін көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – КҚТК) бере отырып және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін (бұдан әрі – МТНБ) бере отырып уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру рәсімі көлік құралын мемлекеттік тіркеу ұғымы деп түсініледі.
Бұл ретте, көрсетілген Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес көлік құралын мемлекеттік тіркеу көлік құралының жоғалуына, оны иеліктен шығарып басқа адамға беруге, сондай-ақ кәдеге жаратудың немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты болуға әкетудің алдында оны тіркеу есебінен шығаруға байланысты немесе өзге де мән-жайларға сәйкес иесінің өтініші бойынша тоқтатылады.
МТНБ телнұсқасын беруді қоспағанда, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БАЖ) көлік құралының тіркеу деректерін (КҚТК, МТНБ ауыстыру, қайта жабдықтау, көлік құралының түсін өзгерту, көлік құралы иесiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тұрғылықты жері) өзгертумен байланысты өзгерістер енгізу тіркеу әрекеттеріне жатады. МТНБ телнұсқасын беру кезінде өзгерістер БАЖ-ға енгізілмейді.
Төрағаның бірінші орынбасары Е. Кусаинов