Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына,«Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы №24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 13 ақпандағы №56 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын ұсынады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы
№ 24 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14,
171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкесредакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларыұсынылады.
Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
Кедендік төлемдердің атауы |
Теңгеменставкасы |
1 |
2 |
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар |
тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге; тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 11000 теңге |
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар |
50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге, 50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 7000 теңге, 100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 11000 теңге, 200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 52000 теңге, 400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 72000 теңге, 600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 114000 теңге, 800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 155000 теңге, 1000-нан 1500 км дейінгі қашықтықта 210000 теңге, 1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 299000 теңге, 2000-нан 2500 км дейінгі қашықтықта 353000 теңге |
Алдын ала шешім үшін төлем |
29000 теңге
|