Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн
өндiрудi және олардың айналымын жүзеге асыратын
салық төлеушілерінің назарына
2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IVЗРК «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес (бұдан – әрі Заң) мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді, мұнай өнімдерін ауыстыруды міндетте түрде есепке алатын бақылау аспаптары (бұдан – ЕАБА)арқылыөтуі тиіс:
2017 жылғы 1 қантарынан бастап- мұнай өнімдері өндірушілерге;
2018 жылғы 1 қантарынан бастап мұнай өнімдерінің көтермежәне бөлшек саудада сатумен айналысатындарға (бөлшек саудадағы жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа).
ЕАБА мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес қолданылады. ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде аспаптар тіркелген тізімі «КазИнМетр» РМК, http://kazinmetr.kz/si/ сайтында орналасқан.
Сонымен қатар,ҚР Заңның 8 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес «Қоса беріліп отырған мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген.
Жоғарыдағы айтылғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің281 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікетартылатындығы туралы хабарлайды.