Date of publication: 26.01.2024 09:15
Date of changing: 26.01.2024 09:17

 

«Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы      № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірленіп, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру мақсатында Атамекен ҰКП-мен бірлесіп жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік реттеу шеңберінде «таза парақтан» қоймаларда алкогольді және алкогольсіз өнімдерді бірлесіп сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету бөлігінде талап қаралды.

Осы бұйрық 2024 жылғы 24 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14905311.