Еуразиялық экономикалық одақ (әрі қарай ЕАЭО) туралы Келісім шартына Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты, өтпелі ережесі мен шарты туралы хаттамамен жеке пайдалануға арналған автокөлік құралдарына қатысты мәртөбесі - 2014 жылдың 01 қаңтар күні белгіленді. Дәлірек айтқанда, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін Қырғызстанға әкелінген және кедендік ресімдеуден өткен автокөліктер Кеден одағының тауарлары болып саналады. 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін Қырғызстанға әкелінген автокөліктер, олардың иесі Қырғызстан аумағында әрекет еткен кедендік төлемдердің, салықтардың ставкалары мен ЕАЭО аумағында қазіргі уақытта әрекет ететін кедендік төлемдердің, салықтардың ставкаларының айырмасын төлегеннен кейін Кеден одағының тауарлары болып танылады.
Бұндай автокөліктер Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген жағдайда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше – басқа мемлекеттердің аумағына кедендік төлемдер мен салықтарды төлеусіз және кедендік төлемдер мен салықтардың төлемін қамтамасыз етуге өзгерістер енгізбей ақ, Қырғыз Республикасында тұрғылықты тұратын тұлға ғана уақытша уақытша әкеле алады. Бұндай автокөліктер Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік автокөліктер болып саналады. ЕАЭО-ның ішкі аумағы бойынша жеңіл автокөліктерді тасымалдауға келсек, кедендік қатынаста ондай тасымалдаулар бойынша шектеулер жоқ. Ал автокөлікті есептен шығарған және қайта тіркеген жағдайда, ішкі істер органдарында алғашқы тіркеу тәртібімен белгіленген нормалар қолданылатын болады.
Осыған байланысты, Қырғыз республикасының азаматтарына тіркелген автокөліктерді уақытша қолдануға беруге мүмкіншілік жоқ. Бұндай автокөліктерді автокөлік құралдарын Қазақстан республикасының аумағында тұрғылықты тұратын тұлғалардың басқаруына тиым салынады.
Қырғыз Республикасында тіркелген автокөліктердің көптеп келуіне байланысты, Жамбыл облысы бойынша Ішкі істер департаменті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Жамбыл облыстық Прокуратурасымен бірлесіп Қырғыз Республикасында тіркелген автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен басқаруды анықтау, оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыру және ол тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша рейдтерді үнемі жүргізу жоспарлануда.
Соттың немесе кеден органының (лауазымдық тұлғаның) бұндай көлік құралын басқарған тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, қайтару туралы шешім қабылданған автокөлікке қатысты, бұл көлік құралы ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 283 бабына сәйкес, кедендік төлемдер мен салықтардың айырмасын төлеумен кедендік декларациядан өтуге жатады. Сонымен бірге, ұсталған автокөліктер кедендік декларациядан өткенге және кедендік төлемдерді төлегенге дейін иеленуші тұлғаға берілмейді.
Көрсетілген автокөліктере кедендік декларация берілмесе, бұндай автокөліктер ҚР «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 26 тарауына сәйкес кеден органдарымен ұстауға жатады.