Құрметті салық төлеушілер!
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» № 463- IV Заңына сәйкес мұнай өнімдерін импорттау кезінде міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар (ІЖҚ) ресімделетіндігі туралы хабарлады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде мұнай өнімдерін ішкі тасымалдауды қоспағанда, мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі әрбір операцияларды жүзеге асыру кезінде МІЖ міндетті түрде рәсімделеді.
МІЖ «Салық төлеушінің кабинеті» интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде рәсімделеді.
Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын мұнай өнімін алғашқы межелі пунктіне дейін тасымалдау кезінде, алушы қағаз тасығышта МІЖ бір данада басып шығарады, және жеке кәсіпкердің қолымен және мөртабасымен (болған жағдайда) немесе заңды тұлға басшысының не өзге уәкілетті тұлғаның қолымен және фирмалық немесе мамандандырылған мөртабасымен (МІЖ үшін) расталады.