
Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді «Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңін енгізу» тақырыбында өтетін баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз!
Спикерлер қоғамның ең өзекті сұрақтарына жауап береді:
- 2024 жылы «алғашқы» декларацияны кімдер тапсырады;
- биологиялық активтерді декларациялау (үй жануарлары, ауыл шаруашылық жануарлары);
- сыйлықтарды декларациялау;
- қарыздарды декларациялау (жеке тұлғаға қарыз, жеке тұлғаның қарызы).
Спикерлер:
Нұржан Қуандықов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры;
Әсемгүл Мұстафина, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялау және жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары.
Уақыты: 2023 жылдың 27 желтоқсанда сағ.12:00-де
Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс д., 11, 4-қабат, 404а-кабинет, конференц-залы.
БАҚ өкілдерінің аккредитациясы үшін 2023 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18.00-ге дейін 71-81-93 байланыс телефонына хабарласуға болады.