
2017 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жаң Кеден кодексімен жұмыс істейді.
Жаңа кеден кодексіндегі маңызы зор өзгерістер мен жаңалықтарды қарастырып, көрсетейік:
1) Жаңа кодексте қазір 3 түрлі куәлікке бөлінетін, тәуекелдің ең төменгі деңгейіне жататын уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) институты біршама құрылған.
1-ші түрдегі куәлігі бар УЭО еуразиялық економикалық одақтың барлың аумағында тауарларды тасымалдауға қатысты жеңілдіктерді қолданады.
Шындығында, 1-ші түрдегілер ол халықаралық тасымалдаушылар, ЕАЭО-тың барлық елдеріне әрекет етеді, сонымен қатар, ол тұлғаға транзит кезінде бақылаудың қосымша шаралары қолданылмайды, оның ішінде, қаржылық кепілдемені ұсыну қажеттігі.
2-ші түрдегі куәлігі барлар куәлік берген мемлекеттің аумағында тауарларды декларациялау мен сақтау бойынша жеңілдіктерді қолданатын болдады.
2-ші түрдегі куәлігі бар тұлғалар келіп түскен тауарларды кедендік тазартудан өткізу кезінде қамтамасыз етуді ұсыну мен уақытша сақтау қоймаларына орналастыру қажеттігіне қатысты, қосымша уақыт пен қаржылық шығындарысыз, кедендік процедуралардан жылдам және жеңілдетілген тәртіппен өтетін болдады.
3-ші типтегі куәлігі бар УЭО әмбебап болады, оларға 1-ші және 2-ші түрдегі куәліктерге қарастырылған жеңілдіктер кешені қолданылатын болады.
Операторлар үшін негізгі жеңілдік ол жылдам және жеңілдетілген тәртіппен кедендік операциялардан өту – кедендік операциялардың бірінші кезектегі тәртібі, транзит кезінде қамтамасыз етуді ұсынбау, тасымалдау маршрутын бекітпеу, декларацияны бергенге дейін шығару, УЭО үй-жайларында кедендік операцияларды жүргізу және сақтау, пилоттық жобаларда басымды қатысу және т.б..
2) DUTY FREE дүкендерінде тауарларды үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін тұлғаларға сату дүние жүзілік тәжірибеден енгізілген.
3) Кеден өкілдерінің құзыретін икемді реттеу мақсатында, жаңа кодексте кеден өкілдеріне арналған төлемдердік төленуін қамтамасыз ету мөлшері Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің құзырына берілген – бұл орган Тараптардың Премьер-министртерінің орынбасарлары деңгейінде.