
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің жобасында (әрі-қарай-Кодекс) СЭҚ қатысушыларына кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру (бөліп-бөліп төлеу) көзделген: 1 айға дейін - кейінге қалдыру кезеңіне пайыз төлеумен СЭҚ қатысушалардың барлығына ұсынылған; 6 айға дейін – пайыз сомасын төлемейтін ерекше жағдайларда – табиғи апаттардың , технологиялық апаттар және басқа да еңсерілмейтін күш әсері жағдайларының салдарларын жою үшін тауарлардың өткізілуі кезінде, бюджеттен қаржыландырудың кешігуі, ауылшаруашылық қызметін қолдау және т.б.
Сонымен қатар, қазіргі таңда кеден өкілдеріне кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасының мөлшері қолданыстағы Кеден одағының Кеден кодексінің редакциясында 1 млн. евро мөлшерінде бекітілген. Кодекс жобасының нормаларына сәйкес аталған норманы ЕАЭО Кеден кодексінің жобасынан шығарып, кеден өкілдеріне азаю жағына қарай қамтамасыз етудің жаңа шекті мәнін белгілеуге шешім қабылданған. Қамтамасыз ету сомасы Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің шешімімен бекітілетін болады. Бұл, қажет болған жағдайда азайту жағына да, көбейту жағына да өзгертуге мүмкіндік береді.