
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 1217 бұйрығымен 2023 жылғы 2 желтоқсанда күшіне енетін «салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Бұйрықта салық өтініштерінің мынадай нысандары бойынша өзгерістер енгізілді:
- салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші;
- салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш.