
2023 жылғы 23 қараша мен 25 қараша аралығында Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін "Қорғас ХШЫО", "Алтынкөл-жол" т/с АҚШ Мемлекеттік департаментінің экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен "Сканерлеуші жабдықпен жұмыс істеуге оқыту және рентгендік құрылғылардың суреттерін талдау"" тақырыбында арнайы курс өткізілді.
Дәріскерлер ретінде:
- Қасымқұлова Лаззат Тұрдақынқызы-ОӘО басшысының орынбасары;
- Абдреимова Меруерт Рабатовна-ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы болды.
Курстың негізгі мақсаты - кешенді жүйе-техника мен экипаж болып табылатын шекарадағы өткізу пункттеріндегі бақылау сапасын арттыру, РТҚ операторларының ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы мәліметтермен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүзеге асыру.
Тыңдаушылар рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында қол жүгі мен багажды жіктеуді меңгерді.
Курстың қорытындысы бойынша қатысушыларға қорытынды тестілеу өткізілді, МКО-ның 29 қызметкеріне және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2 қызметкеріне курстан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.