Date of publication: 26.11.2023 12:30
Date of changing: 26.11.2023 12:31

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ««Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасын  (бұдан әрі- Жоба) әзірледі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты «Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру, оған сәйкес биоотынның дербес сәйкестендіру нөмірі-коды алып тасталады, сондай-ақ «тауарларға ілеспе жүкқұжат» ұғымын «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 15) тармақшасына сәйкес келтіру болып табылады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Осы бұйрық 2023 жылғы 22 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14811275.