Құрметті салық төлеушілер! Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы «Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы» № 119 бұйрығының 6 тармағына сәйкес авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) аталған қызметті жүзеге асыру жері бойынша мемлекеттік кірістер органына Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысанда авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті ұсынатынын хабарлайды.
Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асырған дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және аталған қызметті тоқтатқандар Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізілімінен шығару туралы өтініш негізінде тізілімнен шығарылуға жатады.
Өтініштер электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.