Date of publication: 20.01.2017 15:48
Date of changing: 20.01.2017 15:52

    Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысулардың назарына,  келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 Қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде (Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың; мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады).                                Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2016 жылғы 24 қарашадағы  № 736 қаулысына қосымша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысымен  бекітілген  Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары. Осы Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 276-15-бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.

    Осы Қағидалардың қолданысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын жүзеге асыратын тұлғаларға (бұдан әрі – тұлға) қолданылады.                                                                   

    Аталған Үкім «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне  орналастырылды.