Date of publication: 05.10.2023 17:40
Date of changing: 05.10.2023 17:41

     Бүгін, 2023 жылғы 4 қазанда Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің салық қызметі басшыларының Үйлестіру кеңесі сарапшыларының ХХХ отырысы аясында сарапшылардың талқылауы басталды.

      Кездесудің негізгі тақырыбы «Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін технологиялық (цифрлық) шешімдерді, үлкен көлемдегі деректерді талдау әдістерін пайдалану» және «Адам ресурстарын дамыту».

      Бүгінгі күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

     1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметі басшыларының Үйлестіру кеңесінің 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарын тараптардың іске асыру қорытындылары туралы.

     2. ТМД-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін (2021-2025 жж.) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы.

     3. Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін үлкен көлемдегі деректерді талдаудың технологиялық (цифрлық) шешімдері мен әдістерін қолдану туралы.

    4. Адам ресурстарын дамыту туралы.

    5. 2022 жылға арналған шағын кәсіпкерлік субъектілері мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға салық салу көрсеткіштері туралы; шағын кәсіпкерлік субъектілері мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін арнайы (оңайлатылған) салық салу режимдерін қолдану бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасының қолданыстағы нормалары туралы.

    ТМД салық сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірлескен жобаларды алға жылжытып, адам ресурстарын дамытуда.

    Іс-шара 2023 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады.