Date of publication: 04.10.2023 11:25
Date of changing: 04.10.2023 11:25

«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 27 ақпандағы   № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 1023 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Келесі өзгерістер енгізілді:

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді. Көрсетілген бұйрық қабылдаудың мақсаты автожанармай құю станциялары мен мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу болып табылады, онда мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттар терминін тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар деп ауыстыру көзделеді.

Сонымен қатар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттар мынадай деректерді, оның ішінде тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) қамтиды.