Date of publication: 02.10.2023 09:01
Date of changing: 02.10.2023 09:02

Камералдық бақылаудың мақсаты салық төлеушіге бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру болып табылады.

Салық есептілігін талдау нәтижелері бойынша кірістерді төмендетушығыстарды заңсыз көтеру, салық ставкаларының дұрыс қолданылмауы, жеңілдіктердің негізсіз қолданылуы және т.б. анықталған жағдайда камералдық бақылау хабарламалары жіберіледі.

Орындау отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, бұзушылықпен келіскен жағдайда қосымша салық есептілігін ұсыну қажет

Келіспеген жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсініктеме беру талап етіледі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес хабарламаға жауап берген салық төлеушілерге қатысты банктік шоттар бұғатталмайды.

Осылайша, кәсіпкердің қаржылық-шаруашылық қызметі шектелмейді

Берілген хабарламаға жауап берілмеген жағдайда банк шоттары бұғатталады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі