Date of publication: 25.09.2023 08:52
Date of changing: 25.09.2023 08:52

Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі.

Мерекенің мақсаты – жұмыс орындары мен кәсіптердің беделін арттыру, еңбек өнімділігін ынталандыру, оған жастардың назарын аудару, еңбек ұжымдарын біріктіру, сондай-ақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасылардағы еңбек әулеттерінің дәстүрлерін сақтау.

Биыл экономиканың түрлі салаларындағы жұмыспен қамтылғандардың саны 9,6 млн адамды құрайды.

Баршаңызға мереке құтты болсын!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, еңбектеріңізге жеміс, сәттілік пен табыс тілейміз!