Date of publication: 27.12.2016 11:46
Date of changing: 27.12.2016 11:49

       Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысулардың назарына 2016 жылдың 27 мамырдан бастап, ведомствоаралық комиссиясымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемкорпорация) арқылы көрсетілетін  бес кеден қызметінің іріктеліп алынғандығын ұсынады.

     Осыған орай, ағымдағы жылдың 23 желтоқсанынан бастап тиісті стандарттар мен регламенттер бекітілгенге дейін, пилоттық режимде Мемкорпорациясы арқылы көрсетуге жататын бес кедендік қызмет бойынша дайындық рәсімдерін жүргізу жұмыстары басталды.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі деп қабылданған мемлекеттік қызметтер

  1.  «Преференциалды және преференциалды емес режимдерді қолдану барысындағы тауарлардың шығу елін анықтауға қатысты  алдын ала шешім қабылдау»
  2.  «Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау»
  3.  «Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімдерді есептеуді салыстыру актісін беру»
  4.  «Белгіленген мерзім аралығында әр-түрлі партиямен әкелінуі жоспарланған жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарларды жіктеу бойынша шешімді беру»

        5. «Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту»