«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» Акциясының финалы!
2016 жылдың 23 желтоқсанында Астана қаласының ҚР ҚМ МКК мәжіліс залында сағат 15-00-де «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының финалы өткізілді.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» Акциясы Республиканың барлық өңірлерінде 2016 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткізілді.
Бүгін акция қатысушылары үшін, Акцияның басты жүлдесі - автомобиль және екі ынталандыру сыйлықтары 300000 және 100000 теңге ойнатылды.
Құттықтау сөздерімен ҚР ҚМ МКК төрағасы А. Теңгебаев және "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары М. Абенов сөз сөйледі.
Акцияның Бас жүлдесінің ұтыс ойынын өткізу ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінің 2016 жылға арналған басым міндеттерді жүзеге асыру аясында өтті.
Акцияның мақсаты:
- Азаматтық белсенділік және салық сауаттылығын дамыту;
- Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау саласындағы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру;
- Көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту;
- Кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру.
Барлығы Акцияда Республика бойынша 1515436 чектер ойнатылды. Чектерді 26700 адам жіберді.
Ал Жамбыл облысы бойынша 121795 чектер жіберліген болатын. Қатысушылардың саны – 1515 адам. Акцияның 2-кезеңі бойынша құнды сыйлықтардың - теледидарлардың иегерлері болып Жамбыл облысының 6 тұрғыны аталды.
«Wipon» жүйесі бойынша кездейсоқ іріктеуде «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының Гранд финалының жеңімпаздары болып Алматы қаласынан Қуаныш – 100000 теңге, ОҚО Сәкен – 300000 теңге және Акцияның басты жүлдесі - Chevrolet автомобилін СҚО Равиль Хайруллин ұтып алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!