Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексiнiң (бұдан әрi – Салық кодексi) 391 және 409 баптарымен жеке тұлғалардың мүлiк және жер салықтарының төлеу мерзiмдерi бекiтiлген. Бұл мерзiмдер ағымдағы жылдың 01 қазанында өтiп кеттi.
Салық кодексiнiң 369 бабына сәйкес жеке тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салықтың төлеу мерзiмi 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Бүгiнгi күнде облыс бойынша жеке тұлғалардың аталған салықтарының жалпы берешек сомасы 90 541 борышкерден 293,0 млн теңгенi құрайды.
Берешек сомаларды өндiру мақсатында облыстық мемлекеттiк кiрiстер департаментiмен (бұдан әрi – Департамент) жыл басынан сот органдарына жалпы 314,0 млн теңгеге 89 906 талап арыздар жолданған, одан бюджетке 120,4 млн теңге 37 573 борышкерлерден өндiрiлдi.
Көлiк салығынан 131,0 млн теңгеге 9 426 хабарламалар жолданып, олар бойынша төлемге 7 768 борышкерлер 80,8 млн теңгеге тартылды.
Сонымен қатар, қарыз сомаларды өндiру үшiн сот орындаушылар және уәкiлеттi органдармен бiрлескен iс-шаралар жүргiзiлдi.
Сот орындаушыларымен жалпы жыл басынан 158,8 млн теңгеге 36 535 борышкерлердің мүлкіне тыйым салынып, 147,5 млн теңгеге 36 131 борышкерлерге Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға шектеу қойылды. Қолданылған шаралар нәтижесінде 25 166 борышкерлер 88,7 млн теңгеге төлемге тартылды.
Сондай-ақ, Департамент тарапынан Жамбыл облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесімен 697 борышкерлер 13,9 млн теңгеге төлемге тартылды.
Алайда, берешек сомаларды өндіру үшін жан-жақты қолданылып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі күнде борышкерлер арасында мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, мемлекеттік және коммуналдық мекемелердің басшылары мен олардың жұбайлары да бар. Мысалы,
№ |
Т.А.Ә. |
лауазымы |
борышкердің немесе оның жұбайының жұмыс орны |
мүлік салығы |
жер салығы |
көлік салығы |
|
Тараз қаласы |
|||||||
1 |
УЗДЕНБАЕВА БОТА БОЛАТОВНА |
бас дәрігер |
№1 қалалық емхана |
-1679,25 |
-45,00 |
|
|
2 |
БОКАЕВА МАВЛЮДА ДЖАПСАРБАЕВНА |
бас дәрігер |
№1 қалалық аурухана |
-3631,18 |
-65,27 |
|
|
3 |
Жуматаев Толеген Серикович |
директордың орынбасары |
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы "Әулие-Ата" ат спорты клубы" КМҚК |
-10465,41 |
-168,54 |
|
|
Жамбыл ауданы |
|||||||
1 |
ДЖАНЫСБАЕВ САГИНБЕК ТУРАРОВИЧ |
әкім |
Ақбұлым ауылдық округінің әкімдігі |
-918,39 |
-33,00 |
|
|
2 |
ДАМИНОВ ГАЛМАТ ТУРДАХМЕТОВИЧ |
бастық |
аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім |
-1989,67 |
-215,81 |
|
|
Жуалы ауданы |
|||||||
1 |
БАЙГЕЛЬДИЕВ АБЗАЛ МАКУЛБЕКОВИЧ |
бастықтың орынбасары |
аудандық ІІБ |
-11743,99 |
-308,12 |
|
|
Т.Рысқұлов ауданы |
|||||||
1 |
КОЖАНАЗАРОВА КУЛЧАТ КУАТБЕКОВНА |
әкімнің жұбайы |
Құмарық ауылдық округінің әкімдігі |
-1613,87 |
|
|
|
Меркі ауданы |
|||||||
1 |
ОСМАНОВ АЙВАЗ МАГАДИЕВИЧ |
бөлім басшысы |
аудан әкімдігің дене шынықтыру және спорт бөлімі |
-2878,3 |
-47,3 |
|
|
2 |
Танекеев Бейбут Тиленбаевич |
әкім |
Андас батыр аулдық округінің әкімдігі |
|
|
-23943,3 |
|
Мойынқұм ауданы |
|||||||
1 |
ИСАБАЕВА КАЛИМА КУКЕШОВНА |
бөлім басшысы |
аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өндіріс бөлімі |
-5187,54 |
-386,47 |
|
|
Сарысу ауданы |
|||||||
1 |
АНГИРБАЕВА КАЛДИКИЗ АУТЕНОВНА |
аудандық Маслихат хатшысының жұбайы |
аудандық Маслихат |
-4829,86 |
-221,24 |
|
|
2 |
ИЛЬЯСОВ БУЛЬТИРИК ШАМШИЕВИЧ |
депутат |
аудандық Маслихат |
-1139,1 |
-38,12 |
|
|
Байзақ ауданы |
|||||||
1 |
АЛЬЖАНОВА РЫСКУЛЬ АЛИМЖАНОВНА |
қаржы бөлімі басшысының жұбайы |
аудан әкімдігінің қаржы бөлімі |
-2002,49 |
|
|
|
2 |
ШАЛБАЕВА МЕРУЕРТ ЕРКИНОВНА |
әкімнің жұбайы |
Қостөбе ауылдық округінің әкімдігі |
-10131,8 |
-194,33 |
|
|
3 |
АБДУАЛИЕВ АЙДОС СЕЙСЕНБЕКОВИЧ |
әкімнің орынбасары |
Қостөбе ауылдық округінің әкімдігі |
-28840,7 |
-372,86 |
|
|
4 |
ТЕЛЕУОВ КАНАТ РЫСБАЕВИЧ |
әкім |
Көптерек ауылдық округінің әкімдігі |
|
|
-8842,69 |
|
5 |
Укибаев Бахытжан Кобеевич |
әкім |
Көктал ауылдық округінің әкімдігі |
-3975,38 |
-67,94 |
|
|
6 |
Абилдаев Рустам Камшибекович |
әкімнің орынбасары |
Қызыл Жұлдыз ауылдық округінің әкімдігі |
|
|
-125183 |
|
7 |
РАПИЛБЕКОВ САКЕН СЕЙСЕНБАЕВИЧ |
депутат |
аудандық Маслихат |
-45696,6 |
-646 |
|
|
8 |
БАКЫТУЛЫ НУРБОЛ |
аудандық Маслихат депутатының жұбайы |
аудандық Маслихат |
-1498,01 |
-87,53 |
|
|
9 |
САРСЕНОВ РАБАТ ПОЛАТОВИЧ |
депутат |
аудандық Маслихат |
-10116 |
-316,31 |
|
|
10 |
Пржанова Зине Абдурахмановна |
аудандық Маслихат депутатының жұбайы |
аудандық Маслихат |
|
|
-14585,6 |
|
11 |
КУЛЯШОВА БАКЫТКУЛЬ ДЖАКСЫЛЫКОВНА |
аудандық Маслихат депутатының жұбайы |
аудандық Маслихат |
-21248,7 |
-351,55 |
|
|
Талас ауданы |
|||||||
1 |
Садубаев Кадирбек Рыскулбекович |
әкімнің орынбасары |
аудан әкімдігі |
-4465,82 |
-208,59 |
|
|
2 |
Қамысбаева Кулсара Құралбекқызы |
әкімнің жұбайы |
Есейхан ауылдық округ әкімдігі |
-760,38 |
-23 |
|
|
3 |
Беккулиева Асия Ермахановна |
аудандық Маслихат депутатының жұбайы |
аудандық Маслихат |
-7613,8 |
-324 |
|
|
4 |
Серимова Баян Төлеуқызы |
аудандық Маслихат депутатының жұбайы |
аудандық Маслихат |
-298,95 |
-11,77 |
|
Өкінішке орай, борышкерлер тізімдерінде Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де болғанын айта кету керек. Бұл қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бүгінде бюджет алдындағы қарыздарын толығымен өтеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 35 бабымен «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп белгіленген.
Ал уақытылы төленбеген салықтар бюджеттің кіріс бөлігіне өз ауыртпалығын тигізбей қоймайды, ол өз кезегінде өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, зейнетақы, жәрдемақы, жалақылардың уақытылы төленуіне де әсер етеді.
Осы мәселелерге байланысты облыстық мемлекеттік кірістер Департаменті тағы да бюджетке салықтарды төлеу міндеттемесін уақытылы орындау туралы ескертеді.
Әрбір салық төлеуші салықтық берешек сомаларды Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтының «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» бөлігінен көре алады.
Жер және мүлікке салынатын салықтар салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша, ал көлік құралына салынатын салық салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді.