Мүлiктi жария ету акциясы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша құжаттарды ұсыну мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталды. Жергілікті орындаушы органдары тарпынан өтініштерді қарау мерзімі 30 күндізбелік күн, немесе 2016 жылдың 30 желтоқсанында аяқталады.
Өзге де мүлікті жария ету үшін (ақшаны қосқанда), декларацияларды қарау мерзімі жария ету мерзімі өткенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, яғни 23.12.2016 жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Мемлекеттік кірістер органдары 23.12.2016 жылдан кейін мүлікті жария ету үшін декларацияларды қабылдауға құқы жоқ (пошта арқылы жіберілген декларацияларды заңнамасымен белгіленген мерзімі бойынша қоспағанда). Барлық декларация 30.12.2016 ж қоса алғанда қаралу қажет.