Бүгін, 2016 жылдың 15 желтоқсанында Тараз қалалық Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынға Жамбыл облысы Әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков, ҚР Қаржы министрлігіне бағыныстағы облыстағы ведомство басшылары Жамбыл облыстық Қаржы департаментінің басшысы А. Қырықбаев, Жамбыл облыстық Қазнышалықы департаментінің басшысы м. а. Ж. Қасымова, Жамбыл облыстық Ішкі аудит департаментінің бөлім басшысы А. Айтназаров, Жамбыл облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы С. Оралбаева және мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері шақырылды.
Мерекелік жиынды ашқан Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Асқар Станиславұлы Тынысбеков құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік кірістер органдарындағы мінсіз қызметі үшін марапатталған бірнеше қызметкерлерге Қаржы министрінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің және өзінің атынан медальдар мен Құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыстады.
Сонымен қатар, мереке күніне орай ардагерлерді ұлық мерекесімен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табысталды және ардагерлер атынан М. Сейдазимов сөз сөйледі.
Мереке күніне орай жұмысқа жаңа қабылданған қызметкерлер ант қабылдау рәсімінен өтті.
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары-Бекболат Орынбеков өзінің құттықтау сөзінде, - Еліміз үшін ең маңызды мереке, ол 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні деп атап өтіп, Жамбыл облысы әкімінің атынан Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне медальдар мен Құрмет грамоталарды табыстады.
Салтанатты жиынның сәнін, Жамбыл облысының өнер шеберлері мен кірістер органдарының көркем өнерпаздары мен олардың ұл-қыздары дайындаған концерттік бағдарлама келтірді.
Бұл мерекені қазақстандықтар зор қуанышпен атап өтеді.
Олай дейтініміз биыл халқымызға, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялағанына 25 жыл толған салтанатты сәтін атап өту мерейі бұйырып отыр.
Мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдары-Қазақстанның ең маңызды да сындарлы кезеңі болып тарихқа қойнауына енді.
Өткен 25 жыл ішінде, Еліміз ауызбіршілігі мен ынтымақ-ырысын ыдыратпай сақтай отырып, жоғары экономикалық-әлеуметтік табыстарға қол жеткізді.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!