2016 жылдың 13 желтоқсанында Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «2014-2016 жылдарда өткен жари етудің нәтижесі туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Талғат Сағадатұлы Қамбатыров және Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы2. Рәзия Айтжанқызы Сарсенбаева қатысты.
Мүлiктi жария ету акциясы Қазақстан Республикасында 3-ші мәрте өткізілуде, акция 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдары жанындағы комиссияларға 2016 жылдың 7 желтоқсанына жылжымайтын мүлікті заңдастыру үшін 49769,9 млн теңгеге 9976 өтініштер түскен, оның ішінде 8563 тұрғын жай объектілері бойынша 33016,4 млн теңгеге, 1 413 тұрғын жай емес объектілері бойынша 16753,5 млн теңгеге.
Бүгінгі күнге барлығы 44357,9 млн. теңгеге 9093 нысан жария етілді, оның ішінде 7872 тұрғын жай объектілері 30152,5 млн теңгеге, 221 тұрғын жай емес объектілері 14205,3 млн теңгеге.
Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында барлығы 143 арнайы декларация 12993,1 млн теңгеге қабылданды, оның ішінде 12974,7 млн.теңгеге ақшаны жария ету туралы- 139 декларация қабылданып, барлығы жарияланды. Ал, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету үшін 18,4 млн.теңгеге 4 арнайы декларация қабылданып, жарияланды.
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан жылжымайтын мүліктерді жария етуге өтініштер түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары насихаттау жұмыстары жүргізуде.
07.12.2016 ж жағдайына телеарналарда 37 сұхбат берілді.Бұқаралық ақпарат құралдарында 312 мақала жарияланды, «жүгіртпе жолда»- 4091, интернет-сайтта 368 материалдар орнатылды, 292 радиобағдарлама жүргізілді, 26 билборд орнатылды, 876 «дөңгелек үстел» және 340 «ашық есік» күндері өткізілді, халық арасында 98215 жаднама таратылды.
Акцияның аяқталуына аз ғана уақыт қалды, сондықтан жаппай декларациялау алдында азаматтарға барлық табыстар көздерін көрсетіп, барлық мүлкін заңдыстару керек.