Бүгін, 2016 жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мәжіліс залында «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал» республикалық Акциясының 2-кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсіміне облыстық БАҚ өкілдері шақырылды. Жеңімпаздар болып Муханбетжан Мухаммед, Қалдарбекова Динара және Жанысбеков Малик атанды.
Жеңімпаздарды құттықтап Жамбыл облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Нұрғали Сапарәліұлы Құдайбергенов сөз сөйледі.
Салтанантты жағдайда жеңімпаздарға бірдей бағамадағы жүлделер –теледидарлар тапсырылды.
«Чек талап етіп – жүлде ұтып ал» Акциясы осы жылдың 1 қазан айынан бастап 30 қараша айы аралығында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтіп жатыр. Акцияның мақсаты азаматтардың тұтынушылар ретінде тауар, жұмыс және қызмет көрсетуде құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.
Акцияға тауар, жұмыс және қызмет көрсетуде фискалды чек алған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Екінші республикалық деңгей МКК өтеді. Сондықтан азаматтар кассалық чектерді әлі 15 желтоқсанды қоса алғанға дейін жібере алады. Бұл чектер бас жүлдені ойнатуға салынады. Гранд финал 2016 жылдың желтоқсан айының соңында, Астанада өтеді, ол жерде бағалы сыйлықтар ойнатылады, соның ішінде бас жүлде – Chevrolet маркалы автомобиль бірінші жеңімпазға беріледі. Екінші жеңімпазға – ақшалай жүлде 300 000 теңге. Үшінші жеңімпазға – 100 000 теңге.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыс тұрғындарын осы Акцияға белсенді түрде қатысып және басты ұтыс өз Автомобильңізді ұтып алу мүмкіншілігін жіберіп алмауыңызды ескертеміз.