Date of publication: 09.12.2016 09:50
Date of changing: 09.12.2016 09:52

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 32-бабының 3 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін біліктілік емтиханнан өту уақыты:

    2016 жылдың 21 желтоқсан сағат 10:00.

    Мекен-жайы: Тараз қаласы, Қолбасшы-Қойгелді көшесі 188, КББ кабинеті.

    Біліктілік емтиханын тапсыру үшін оны жүргізгенге дейін 3 күн бұрын еркін нысандағы өтінішті кеден органына табыстау қажет.

Өтінішке:

1)  жеке басын куәландыратын құжат;

2) техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі;

3)  3,5х4,5 сантиметр көлемінде екі түрлі - түсті суреті қоса беріледі.

     Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8 (7262) 450914 байланыс телефонына хабарласыңыздар.